Биыл Жеңіс күніне орай шеру Қазақстанда бір қалада ғана өтеді
Қазақстанда Жеңіс күніне арналған шеру алты жылдан бері өтпейді. Дегенмен биыл тек бір қаланың тұрғындары шеруді көреді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қорғаныс министрлігі 7 және 9 мамырда шеру болмайтынын хабарлады. Елдегі соңғы шеру 2018 жылы өткен еді.
Дегенмен биыл Байқоңыр қаласында шеру ұйымдастырылады. Бұл қала әкімдігінің сайтында айтылған.
Жеңіс шеруі 9 мамыр күні таңертең Ленин алаңында өтеді. Сол күні Жеңістің 75 жылдығына арналған монументке митингі мен гүл қою рәсімі өтеді.
Байқоңыр – Қазақстан қаласы, бірақ оны Ресей жалға алған.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі