Көлгінов кетті: Жеңіс Қасымбек Астана қаласының әкімі болып тағайындалды
Жеңіс Қасымбек Астана қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек Астана қаласының әкімі лауазымына тағайындалды", – делінген Ақорданың ақпаратында.
Қасымбек Қарағанды облысын 2019 жылдың қыркүйегінен бастап басқарды, оған дейін ақпан айынан бастап Премьер-Министрдің орынбасары, одан бұрын, 2016 жылдың маусымынан бастап Инвестициялар және даму министрі қызметін атқарды.
Ол 2019 жылдың маусым айынан бері елорданы басқарып келген Алтай Көлгіновті ауыстырып, Астананың жаңа әкімі болды.
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
Жаннаның өзі де InCruises-ке құдағиының шақыруымен барған
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда