Жеңілдетілген көлік несиесі: Автосалондарда көлік жоқ, ал адамдар кезекте тұр
Бүгін, 16 мамырдан бастап Қазақстанда 4 пайызбен жеңілдетілген автонесие бағдарламасы іске қосылды. Бағдарламаның басталған алғашқы күнінен бастап Нұр-Сұлтандағы көлік салондарының алдына кезек толып, дүрлігу басталып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Atameken Business арнасына сілтеме жасап.

"Нұр-Сұлтандағы көлік салондарында не болып жатқанын қараңыз. Адамдар көшеде кезекте тұр, ал ішке 10 адамнан артық кіргізіп жатқан жоқ", – деп жазады Telegram-арнасында.
- Жеңілдетілген несие шетелдік көліктерге берілмейді: Индустрия министрі автонесиеге байланысты жаңа ұсынысты қабылдамады
- "Көлік қымбаттай береді": Маман 4%-дық автонесиелеу бағдарламасына баға берді
Арнаның мәліметінше, автосалондарда көлік жоқ. Мәселен, Hyundai автосалондары жаңа көліктердің 3-4 айдан кейін келетінін айтқан. Банктердің несие алу үшін көмектесетін менеджерлері жоқ. Сатып алушыларға жаңа көліктер каталогын ғана көрсетіп жатыр. Алайда ол көліктер болашақта өз бағасын сақтап қалады ма деген сұраққа да ешкім нақты жауап бере алмайды.
Несие беру келесі шарт бойынша жүзеге асырылады:
- сыйақы мөлшерлемесі – 4%;
- несиелендіру сомасы – 10 млн теңгеден артық емес;
- қаржыландыру мерзімі – 7 жылдан артық емес;
- бастапқы жарна – 0 %-дан бастап;
- көлік құралының құны – 15 млн теңгеден аспайды.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған