AAPL
174.15 $
-0.23 %
TSLA
908.61 $
-0.37 %
NDAQ
192.12 $
-0.86 %
GOOGL
120.17 $
0.52 %
FRHC
58.54 $
1.3 %
AAPL
174.15 $
-0.23 %
TSLA
908.61 $
-0.37 %
NDAQ
192.12 $
-0.86 %
GOOGL
120.17 $
0.52 %
FRHC
58.54 $
1.3 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасының тоқтатылғаны рас па?

Әлеуметтік желіде жеңілдетілген автонесие бағдарламасының тоқтатылғаны туралы ақпарат тарады. Ақпаратқа сәйкес, бағдарламаға бөлінген 100 млрд теңге толығымен игерілген. Алайда бағдарламаға жауыптылар бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Astana арнасына сілтеме жасап. 

көлік

“Әлеуметтік желіде таралған ақпарат жалған. Яғни бағдарламаға бөлінген 100 млрд теңге әлі толық игерілген жоқ. Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасын іске асыру мерзімі – 30 жыл. Бүгінге дейін қатысушы банктер жалпы сомасы 82 млрд теңгеге 10 888 өтінімді мақұлдады, 4 847 автомобиль берілді”, – деді “Өнеркәсіпті дамыту қоры” АҚ өкілдері.

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы 2013 жылы басталған болатын. Бағдарлама отандық автопромды қолдау үшін қолға алынған еді. Құны 15 миллионнан аспайтын Қазақстанда құрастырылған теміртұлпарды 4 процентпен 7 жылға бөліп төлеуге мүмкіндік беріп отыр. Дегенмен 100 млрд теңге сарапшылардың есебі бойынша 10 мыңға жуық көлікке ғана жетеді. Ал экономист Бауыржан Ысқақов аз процентпен автонесие алу халық үшін тиімді екенін айтады. Алайда “бағдарламаға сәйкес қолжетімді темір тұлпардың бағасын көрсең, жағаңды ұстайсың" дейді.

“Жеңілдетілген несиемен беріліп жатқан автокөліктердің бағасы, мынау біздің одаққа ЕЭО мүше, мысалға Армения, Қырғызстан сияқты мемлекеттерге қарағанда қымбат. Яғни мемлекет тек қана несиелік қана жеңілдік беріп отыр. Егер осымен қоса сол автокөліктердің бағасының да төмендеуіне мүмкіндік беретін болса. 10 миллионның автокөліктерін 6-7 миллионға дейін түсірудің жағдайын жасаса”, – деді экономика ғылымдарының кандидаты Бауыржан Ысқақов. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр