Жемқорлық дерегіне қатысты іздеуде болған күдікті Грузиядан экстрадицияланды
Бас прокуратура ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінген ер адамның Грузиядан экстрадицияланғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҚР Бас прокуратурасының телеграм каналынан
"Бүгін Қазақстан прокуратурасының, cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері cыртқы істер министрлігі мен ІІМ интерполының көмегімен Грузиядан аса ірі көлемде пара алғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында азаматты экстрадициялады", – деді агенттік өкілі.
Сонымен қатар агенттік өкілінің айтуынша, айыпталушы мемлекеттік кірістер органының қызметкері бола тұра, 2022 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында Қазақстан-Ресей шекарасындағы өткізу пункті арқылы ауыр жүк көліктерінің кедергісіз өтуіне ықпал еткен. Ең қызығы, көмек бергені үшін кәсіпкерлерден 37,5 миллион теңге көлемінде пара алған.
-
Алматы облысында 12 миллион теңге пара алған судьяға үкім шықты
-
Арыстанбек Мұхамедиұлының әйелі мен адвокаты да сотталатын болды
Күдікті бұл жымысқы әрекетінен кейін тергеуден жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланған. 2023 жылдың қазан айында ер адам Грузияда ұсталды. Қазір ол тергеу изоляторына қамауға алынды.
Айта кетейік, айыпталушының мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Бұған қоса, оған 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
https://t.me/GenPr/2447