Желідегі жазбалары үшін: Семейде ер адам жындыханаға жатқызылды
Ер адам әлеуметтік желіде ұлтаралық қақтығыс тудыратын жазба жариялағаны үшін психологиялық стационарға емделуге жіберілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Экстремизге қарсы басқарманың қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында 32 жастағы Семей тұрғынын қолға түсірді. Ер адам «вконтакте» желісіндегі парақшасына ұлтаралық қақтығысқа әкеліп соқтыратын материалдар жариялап отырған», - деді баспасөз қызметіндегілер.
Ер адамға қатысты ҚР ҚК 174-бабының 1-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Аталған бапқа сәйкес, қылмыскердің екіден жеті жылға дейін бас бостандығы шеутелуі мүмкін. Сондай-ақ, осы мерзімде бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Психиатриялық бақылаудан кейін сот Семей тұрғынын қылмыстық жауапкершіліктен босатты. Мұның орнына міндетті түрде психиатриялық стационарға емделуге жіберілді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"