Желіде Тоқаевтың 42 жыл бұрын түскен суреті пайда болды
Желіде Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жас кезіндегі суреті пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Суретті президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Twitter парақшасында жариялады.
"1979 жыл Қала маңындағы сенбілік. Қасым-Жомарт Кемелұлы ол кезде КСРО сыртқы істер министрлігінде атташе болып жұмыс істеген", - деп жазды Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли.
Желі қолданушылары президенттің жас кезінде сымбатты болғанын айтып жатыр.
"Өте сымбатты жігіт болған", "Бойы да, түрі де келісті, шашы қайырылған екен", "Мен танымай қалдым", "Жастықтың өзі сұлулық қой", "Өте әдемі жігіт қой суреттегі"- деп жазды желідегілер.
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.