Желіде тараған видеода домбыра тартқан адам Бейсен Құранбек болмай шықты
Әлеуметік желілерде Бейсен Құранбектің өмірінің соңғы кездерінде түсірген видеосы тарады. Көпшілік видеодағы адамды журналистке ұқсатпады және олардың болжамы рас болып шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әбдімомын Желдібаевтың "Ерке сылқым" күйін тартып отырған ер адам Бейсен Құранбек екені көрсетілген видео желіде жылдам тарады.
Жұрт видеодағы адамның Бейсен Құранбек екеніне сенімсіздік білдірсе, енді бірі ауырып, арықтап кеткенін жазды.
Белгілі болғандай, видеодағы ер адам марқұм Бейсен Құранбек емес екен. Ол - Ержан Исин есімді күйші.
Ержан Исин - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының түлегі.
"Ал достар, адам мен адам ұқсас бола береді. Бейсен ағамызға қатты ұқсас Ержан Исин деген қазақтың азаматымен шатастырыппыз. Ержан Исин сізге денсаулық тілеймін, жасыңыз ұзақ болсын!", - деп жазды желі қолданушылары.
2025 жылы болған басты саяси оқиғаларға шолу: Қазақстанда не өзгерді
Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына тоқталдық
Желіде қазақстандықтарға төсбелгілер 350 мың теңгеден сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады
“Намыс” және “Батыр Шапағаты” төсбелгілерінің эскиздерін әзірлеген Бақытбек Смағұл төсбелгілерді алаяқтар сатып жүр дейді