Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіде тәңіршілдікті дін ретінде тануды талап ететін петиция пайда болды

Желіде тәңіршілдікті дін ретінде мойындауды талап ететін петиция жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Еpetition.kz ресми сайтында Қазақстанда тәңіршілдікті дін ретінде тануды сұрайтын петиция жарияланды. Үндеу әділет министрі Азамат Есқараевқа жолданған.



"Қазақстанның тәңіршілері атынан "Діни қызмет және діни қызмет туралы" заңына сәйкес "Тәңір елі" республикалық тәңірлік діни бірлестігін ресми тіркеуге қатысты біздің бастамамызды қолдауыңызды сұраймыз. Кейінгі жылдары Қазақстанда ерте орта ғасырларда бірқатар көне түрік қағанаттары мен империяларының күшеюі кезінде қалыптасқан тәңірлік наным-сенімдерді ұстанушылар саны артып келеді. Тәңіршілмін деп ашық айтатын азаматтардың саны бірнеше жылдың ішінде 1 миллионнан асады деген болжам бар", – делінген петицияда.

Петиция 25 мамырда жарияланған. Әзірге 222 қол жинапты. 25 қарашаға дейін 5000 қол жиналса, петиция қаралады.

Талқылау