Желіде Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңға қарсы петиция пайда болды
16 маусымда epetition.kz порталында тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңға қарсы петиция пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Pixabay.com
Петицияның авторлары әйелдер құқығы мен балалардың қауіпсіздігіне қатысты "заңдарға тосқауыл қоюды" талап етті.
Авторлар қабылданған заң дәстүрлі тәрбие беру үдерісін криминализациялайды, билік азаматтардың жеке істеріне араласады, ал ата-аналардың көпшілігі соның кесірінен айыппұл төлеп, есепке алынып, тіпті ата-ана құқығынан айырылады деп санайды.
"Мен Қазақстанда зорлық-зомбылықпен күресу деген желеумен ата-ананы кінәлі ететін презумпцияға жол беретін, ата-ананың беделін түсіретін заңның орындалуына қарсымын. Ата-аналар – лоббистік қылмыскерлер емес. Бұл заңды бұғаттауды талап етемін! – делінген петиция мәтінінде.
Сонымен қатар петиция авторы жауапкершілік "балаларды дәстүрлі емес жыныстық ориентацияға бейімдеу” үшін жасалған деп санайды.
Еске салсақ, 16 маусымда Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заң күшіне енді.