Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіде Қарағандыда аудан әкімінің орынбасарының қоқыс жәшіктерін тепкен видеосы тарады (видео)

Қарағандыда аудан әкімінің абаттандыру мәселелері жөніндегі орынбасары сынға ұшырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот

Желіде Қарағанды ​​қаласы Әлихан Бөкейхан ауданы әкімінің абаттандыру жөніндегі орынбасары Берекет Жайназаровтың қоқыс жәшіктерін теуіп жатқан видеосы тарап кетті. Қоқыс жәшіктерін теуіп, қоқыстар сыртқа құлаған.

Қарағанды ​​әкімдігінің баспасөз қызметі оқиғаның өткен жылдың күзінде болғанын, видео қазір ғана тарағанын айтты.

"Аудан әкімінің орынбасары мердігерге жәшіктердің нашар салынғанын, жұмыстың сапасыз жүргізілгенін айтып, соны көрсеткен Мұндай әрекетке кез келген жағдайда жол берілмейді, мемлекеттік қызметкерлердің этика нормаларын бұзуға қатысты шара қолданылады", – деп атап өтті әкімдік.

Қарағанды облыстық мәслихат депутаты Айдос Ещанов әкімнің орынбасарына араша түсті.

“20 қазанда мердігер компанияның жұмыстарына тексеріс жүргізілді. Мердігер тапсырысты нашар орындаған. Бәріміз адамбыз және эмоцияға ерік береміз. Мұның бәрі халықтың жағдайы үшін”, – деді депутат.

Талқылау