Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіде Иран президенті қаза тапқан қираған тікұшақтың кадрлары тарады

Иран президенті Ибрахим Раиси мінген апатқа ұшыраған тікұшақ қирандылар арасынан қаза тапқандардың денесі шығарылды. Мәйіттер Табриз қаласына жіберілдіп, іздеу жұмыстары аяқталған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото желі кадрларынан скрин 

Желі мен БАҚ көздерінде тікұшақтың қирандыларының фотосы мен видеолары тарап жатыр. Бұл апаттан Иран президентінен бөлек, СІМ басшысы Хосейн Амир Абдоллахиан, Иранның шығыс Әзірбайжан провинциясының губернаторы Малек Рахмати және шығыс Әзірбайжан провинциясындағы Ислам революциясы жетекшісінің өкілі Аятолла Мұхаммед Әли Але-Хашем қаза тапты.

Иранның ISNA ақпарат агенттігі Иран президенті Эбрахим Раисидің тікұшақ апатына ұшыраған жерінен кадрлар жариялады.

БАҚ қаза тапқандардың денелерін тасымалдау кезінен түрлі кадрлар жариялап жатыр.

Еске салсақ, Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапқаны туралы хабарлаған едік. Жағдайдан соң Тоқаев Иран президентінің қазасына қатысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Талқылау