AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіде Алматы әкіміне оқ атылған сәттің видеосы тарады

Желіде Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев отырған көлікке шабуыл жасалған сәттің видеосы пайда болды. Қала әкімдігі видеоның 6 қаңтарда түсірілгенін растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 2022 жылы 6 қаңтарда болған оқиғаның бейнежазбасы шынайы екенін растайды. Тергеу жүргізілуіне байланысты қосымша ақпаратты жариялауға тыйым салынады", - делінген әкімдік таратқан ақпаратта.

Бұған дейін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жаппай тәртіпсіздік кезінде өлім аузынан қалай аман қалғанын айтып берді.

"Қосымша күштер келіп, арнайы жасақ әкімдік пен алаңды тазартқан кезде біз штабтағы әріптестерімізбен бірге әкімдікке бара жатқанбыз, жолда бізге оқ атты. Олар бізді күтіп тұрды, біздің келе жатқанымызды, бағытымызды білді. Алдымыздан шығып, барлық жақтан оқ жаудырды", - деді Сағынтаев.

Соның салдарынан әкімдік қызметкерлері – спорт және дін басқармаларының басшылары жарақат алған. Сондай-ақ Бақытжан Сағынтаевтың жүргізушісі зардап шекті. "Алматы" телеарнасының жүргізушісі қаза тапты.

 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр