Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жекпе-жектен ҚР чемпионы саудагерлерді бопсалағаны үшін сотталды

Жекпе-жектен Қазақстан чемпионы Асқар Үмбетов бопсалағаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Атырауда бопсалау және басқа да қылмыстар үшін айыпталған топтың үш мүшесіне қатысты үкім шығарылды.

Қылмыстық іс Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында "Бопсалау", "Ұйымдасқан қылмыстық топты құру және басқару", сондай-ақ "Қаруды заңсыз сақтау және алып жүру" баптары бойынша қаралды.

Айыптаушы тараптың айтуынша, құрамына спортшылар кірген топ мүшелері Оңтүстік Қазақстандағы "көктем" және "Дина" базарларының саудагерлерін тауарларын жойып жіберітін атып қорқытып, алым-салық төлеуді талап еткен.

Барлық үш сотталушы 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкімге сәйкес спортшылар жазаны қатаң режимдегі колонияда өтейді. Сонымен қатар олардың әрқайсысы зардап шеккен тараптарға өтемақы түрінде 80 мың теңгеден төлеуге тиіс.

Айыпталушылардың бірі Асқар Үмбетов шотақан каратеден Қазақстан чемпионы, жауынгерлік самбо, джиу-джитсу және панкратионнан ҚР чемпионы ретінде танымал.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр