Астанада жеке сот орындаушылары 87 баланың алиментін ұрлады деген күдікке ілінді
Астана прокуратурасы бұрынғы жеке сот орындаушыларының ақша ұрлау әрекетін әшкереледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ведомствоның хабарлауынша, екі сот орындаушысы қызметін тоқтатқаннан кейін 87 балаға алимент төлеуге арналған қаражатты алты ай бойы басқарған.
"Жеке сот орындаушысы балалар үйінің екі тәрбиеленушісіне 2-ші топтағы мүгедек әкесі аударған әлеуметтік жәрдемақылардан алимент өндіріп берген. Тағы бір жеке сот орындаушысы қайтыс болған алимент төлеушінің банк шотындағы ақшаны алып, жұмсаған", – делінген хабарламада.
Күдікті барлығы 5 миллион теңгені жымқырған. Прокурорлардың араласуымен 34 балаға шығын өтелді, қалғандары бойынша жұмыстар жалғасуда. Алаяқтық және қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Діни сауаттылық не үшін маңызды: Алматы тұрғындары дін туралы ақпаратты қайдан алады
Дінтанушы Әл-Фараби Болатжанның айтуынша, діни сауатсыздық пен тексерілмеген дереккөздер адамды радикалды көзқарасқа жетелеуі мүмкін
"Қолым мен аяғымнан айырылдым": Атырау мұнай өңдеу зауыты жұмысшыға берген уәдесін орындамай отыр
Аппеляциялық сотты Мейрамбек Ғалымжан жеңіп шықты