Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жеке өміріне қол сұқтырмайды": Мамасарипова қызы Сара Амангелдінің талабы туралы айтты

Мамасарипова қызы Сара Амангелдінің талабы туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The real gap бағдарламасына сілтеме жасап.

Жеке өміріне қол сұқтырмайды

Жас әнші Сара Амангелдінің жұлдызды анасы Гүлнұр Мамасарипова қызы кәмелеттік жасқа толғаннан кейін қандай талап қойғанын айтты. Продюсер қызы 18-ге келгенде отырғызып қойып, шаршағанына қарамай, еркіндік сұрағанын есіне алды. Осылайша ол, Сара Амангелдінің ерте есейіп, өзі үшін жауап беріп, жауапкершіліктің жүгін сезінгенін айтып берді. 

"Менің балаларымның ішінде жеке өміріне қол сұқтырмайтын сол қыз. Сендер айтып отырсыңдар, мен бетімді жауып отырмын. Сара 18 жасқа толды. Біз бір жақтан бірнеше күн кешігіп, ұшып келдік. Ұшақтан шаршап, ұйқымыз қанбай келіп жатсақ, ол бізді үйде күтіп отыр екен. Кәмелет жасқа толып, күшіне еніп алған. Отырғызып қойып, талабын айтатынын жеткізді", - дейді Гүлнұр Мамасарипова. 

Бастапқыда қызы сыйлық алмағаны үшін ренжиді деп ойлаған Гүлнұр Мамасарипова кейіннен Сараның өз талаптарын қойып, өзін өзі алып жүруге ниет білдіргенін айтып берді. Түзу жүріп, талаптарыңызға сай өмір сүріп жатсам да, қайта-қайта қайда жүргенімді, не істеп, не қойғанымды сұрамаңыздар деп шорт кесіпті Сара Амангелді.

"Мен өкпе-ренішін жеткізеді деп ойладым. Ол "Мен бұдан былай не істесе де, не қылсам да өзім жауап беремін. Ата-анам ретінде кеш келіп, шектен шығып жатсам тиыңыздар. Бірақ, уақытылы жүргенде сұрай бермеңіздер" деді. Біз олай болмайды деп әкесі екеуіміз екі жақтан жабылдық", - дейді Гүлнұр Мамасарипова. 

Бастапқыда Сара Амангелдінің ата-анасы бұл талаптарға келіспеген. Алайда, олар қыздарының өскенін байқап, үлкен өмірге қадам басуға рұқсат етіпті. 

Талқылау