Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шетелге кеткен қазақстандықтарға зейнетақы тағайындала ма – Конституциялық Сот түсіндірді

Жеткілікті шек өспейді

Конституциялық Сот Қазақстаннан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен азаматтардың зейнетақы төлемдеріне қатысты мәселелерді түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстандық азаматша зейнетақы туралы заңдағы кейбір ережелермен келіспей, Конституциялық Сотқа жүгінген. Ол ережелер бойынша, зейнетақы алу үшін адамның Қазақстан аумағында тұрақты тұруы қажет деген талап бар. Әйел бұл талап Конституциядағы тең құқық пен әлеуметтік қамсыздандыру құқығына қайшы екенін айтқан.

Сол себепті Конституциялық Сот Шығыс Қазақстан облыстық сотының ұсынуын қарап, аталған нормалардың Конституцияға сәйкестігін тексерді. Конституциялық зейнетақы төлемдерінің мәнін түсіндіріп берді. Соттың айтуынша, зейнетақы адамның қай жерде тұратынына емес, оның белгілі бір жасқа жетуіне және еңбекке жарамсыз кезеңінің басталуына байланысты төленетін әлеуметтік төлем.

“Сот Конституцияға сүйене отырып, зейнетақы алу үшін Қазақстанда міндетті түрде тұру керек деген талап Кодексте жалпы түрде бекітілмегенін атап өтті. Ал заңның кейбір баптарында зейнетақы төлемдерін тоқтату тәртібі көрсетілген. Егер адам Қазақстаннан тыс жерге тұрақты тұруға көшкені анықталса, онда төлемдер тоқтатылады. Бірақ бұл талап тек нақты сол жағдайға қатысты қолданылады және бастапқыда зейнетақы тағайындау шартын өзгертпейді. Осыны ескере отырып, Конституциялық Сот аталған нормалар Конституцияға қайшы емес деген қорытындыға келді”, – делінген хабарламада. 

Сөз болып отырған ереже адамның заң талаптарына сай екенін тексеру тәртібін ғана реттейді. Яғни ол зейнетақы алуға ешқандай тыйым салмайды және шектеу қоймайды. Сондықтан бұл бөлікті Конституцияға қайшы деп тануға негіз жоқ деп шешілді. Дегенмен уәкілетті органға ережені түсінікті болу үшін нақтылап, түзету енгізу ұсынылды.

Конституциялық Соттың қорытындысы бойынша:

Заңдағы 196-бапқа қатысты сот мынадай түсінік берді: зейнетақы алу үшін барлық басқа талаптарға сай келген азаматқа Қазақстанда міндетті түрде тұру талабы қойылмайды.

Ал 202 және 204-баптарға қатысты сот түсіндіргендей, егер заңда немесе халықаралық келісімдерде басқаша көрсетілмесе, адамның шетелге тұрақты тұруға кетуі зейнетақыны тағайындау кезінде ғана есепке алынады. Ал егер адам зейнетақы алып жүргеннен кейін шетелге тұрақты тұруға кетсе, сол жағдайда ғана төлем тоқтатылуы мүмкін.

Stan.kz
Сейсенбі, 19 Мамыр, 2026 12:31