Қазақстандық косметикалық бренд сыннан кейін Валя Карнавалмен түсірілген жарнаманы алып тастады

Sen Sulu қазақстандық косметикалық бренді желідегі сыннан кейін Валя Карнавал түскен жарнаманы өшіріп тастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бренд негізін қалаушы Айнұр Кабельдинова әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялап, кейінгі жағдайға қатысты пікір білдірді.
Айнұр Кабельдинованың айтуынша, олардың басты мақсаты – Қазақстанда ғана емес, ТМД елдерінде де танылып, бәсекеге қабілетті болу. Компания өздерін мықты қазақстандық бренд ретінде танытуды көздейді.
“Біз ешбір жағдайда өз болмысымызды жоғалтқымыз келмейді. Керісінше, біз туралы мықты қазақстандық бренд ретінде айтылғанын қалаймыз”, – делінген мәлімдемеде.
Ол еуропалық нарыққа шығу әзірге оңай емес екенін айтып, алдымен жақын нарықтардан бастауды жөн көргенін түсіндірді. Оның сөзінше, өзге елдерге шығу Қазақстанды немесе қазақстандық тұтынушыларды ұмыту дегенді білдірмейді.
“Біз брендіміздің Қазақстанда ғана емес, басқа елдерде де танылғанын қалаймыз. Біздің Қазақстанда құрылған бренд екенімізді біліп, дәл солай айтып жүргенін қалаймыз. Бұл – біздің негізгі ұстанымымыз”, – дейді ол.
Сонымен қатар Айнұр Кабельдинова компания Валя Карнавалды таңдаған кезде оның танымал әрі көпшілікке белгілі инфлюенсер екеніне сүйенгенін айтты. Алайда компания қазақстандықтардың оның тұлғасына қатысты көзқарасын жеткілікті деңгейде ескермеген.
“Енді фактілерге ғана емес, эмоция мен халықтың сезіміне де мән беру қажет екенін түсіндік. Бұдан былай біз тек аналитикаға емес, өз комьюнитиміздің пікіріне де назар аударамыз” , – дейді ол.
Бренд негізін қалаушы келер уақытта тұтынушылармен байланысты күшейтіп, қоғам пікірін ескеруге ниетті екенін жеткізді.
Еске салайық, бұған дейін желіде Sen Sulu қазақстандық косметикалық бренді жарнамалық видеоға ресейлік блогер Валя Карнавалды түсіргеннен кейін сынға ұшырағаны хабарланған еді.
Желі пайдаланушылары блогердің Қазақстандағы түсірілім кезінде қазақтарға деген жеккөрушілік көзқарасы туралы бұрын интернетте тараған қауесеттерді еске түсіріп, брендке бойкот жариялауға шақыра бастады.
Мұндай наразылық YouTube арнасында Антон Суворкиннің мәлімдемелерінен соң туындады. Ол видеоны түсіру кезінде блогер "барлық қазақты" түсірілім алаңынан алып тастауды сұраған деп мәлімдеді.
Суворкиннің айтуынша, Валя Карнавал түсірілім алаңында біреу қазақ тілінде сөйлегеніне теріс реакция білдірген. Сондай-ақ түсірілім алаңында "қазақтар болмайды" деп айтылды ғой” деген.
ОқыңызКейінірек Валя Карнавалдың өзі бұл айыптауларды жоққа шығарып, ақпаратты жала деп атады.
"Бұл – нағыз өтірік, жала жабу және арандатушылық. Мен қазақстандықтармен жұмыс істегеніме ризамын. Адамдар өте мейірімді және қонақжай болды", – деп жазды блогер өзінің Telegram арнасында.
Сынға ұшырағаннан кейін бренд өкілі Бақытгүл Қазбекова жағдайға түсініктеме берді. Оның айтуынша, Sen Sulu – ел ішінде де, халықаралық деңгейде де дамып келе жатқан қазақстандық бренд.
"Валя Карнавал Қазақстанда да, басқа жерде де Sen Sulu брендінің бет-бейнесі емес. Онымен ынтымақтастық брендтің жаңа нарыққа шығуы мен аудиторияны кеңейтуге байланысты жарнамалық науқан мен ынтымақтастықтың бір бөлігі ғана болды", – деп мәлімдеді компания.
"Жүрегім Қазақстан деп соғады": Елімізді ұнатып қалған үндістандық боксшы енді Қазақстан атынан сынға түспек