Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жеке өмірім базарға айналып кетті": Жарқынай Ханайым экс-күйеуіне қатысты сұраққа жауап берді

Жеке өмірі жиі ел талқысына түсетін актриса Жарқынай Ханайым экс жұбайымен қарым-қатынасы туралы “Айтарым бар” подкастында бүкпесіз баяндап берді. 

Фото: Подкастан скриншот

Айта кетейік, актриса “Сакураның гүлденуі” атты сериалға түсіп, бас кейіпкерді сомдаған актер Айдар Асқарбекпен шаңырақ көтерген еді. Алайда көп ұзамай ажырасып кетті. Әлеуметтік желіде қызы Айлана мен әкесі Айдар Асқарбектің бірге қыдырып жүргенін көрген жұрт өнер иелерінің қайта қосылғанын топшылады. 

“Біз қазір Айдар екеуміз – Айлананың сүйікті ата-анасымыз. Біз жақсы доспыз. Әрине, бір-бірімізге ауыр сөз айтқан кездер болды, біз қазір одан өттік. Менің жеке өмірім "базарға" айналып, тым талқыланып кетті. Айдар екеуміз де танымал адамдармыз, оның отбасында танымал адам көп. Содан біздің отырып-тұрғанымызға дейін әлеуметтік желіде жүретін. Ал қазір шынымды айтсам, маған бұл ұнамайды. Жеке өмірімді, кіммен қол ұстасып жүргенімді, не істеп жатқанымды әлеуметтік желіде бөліскім келмейді. Айдардың өзінің жеке өмірі, шығармашылығы бар. Ол Жарқынайсыз да актер деген атқа лайық. Біздің атымыз жиі бірге шыққанымен, Айдар Асқарбекті менсіз, Жарқынай Ханайымды Айдарсыз жеке тұрға ретінде қабылдаса екен деймін. Әркімнің өзіндік өмірлік ұстанымы бар", – дейді әнші.



Сонымен қатар өнер иесі экс жұбайының өте балажан екенін және керемет әке екенін алға тартты. 

“Маған әкем қалай керек болса, Айланаға да әкесі ауадай қажет. Тіпті, менен артық күтіп, бағады. Өте жақсы адам. Баланың денсаулығына байланысты екпе алады ғой. Соған осы күнге дейін араласпаппын. Екпеге қатысты бүкіл ақпаратты біледі. Мен хабарласып, сол кісіден сұрап отырамын. Бәріне жауап береді, маған түсіндіреді. Балаға екеуміз де керекпіз. Айлананы кейде өзімнің орныма қойып көремін. Ол бақытты болып өсуі үшін қолдан келгенін бәрін жасаймыз”, – деп жан сырын ақтарды актриса. 

Еске салайық, Жарқынай Ханайым сақинамен түскен суретін жариялап, жұртты таңғалдырғанын жазған едік. 

Талқылау