Жазира Байырбекова: Бала кезімде әжем біздің қазақша сөйлегенімізге ыңғайсызданып, орысша үйрететін
Орыс тілін білмегені үшін ыңғайсыз жағдайға тап болғандардың бірі - Жазира Байырбекова. Әншінің анасы орыс тілді отбасынан шыққан. Бала кезінде нағашыларына қыдырып келгенде әжесі көрші-қолаңнан ыңғайсызданған көрінеді, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Менің анам да Алматы қаласында туып өскен орыс тілді қыз болған. Әкеме тұрмысқа шығып, ауылда қалып, таза қазақ тілді ана болды.
Бала күнімізде Алматыға нағашы әжемнің үйіне қыдырып келгенде әжем біздің қазақша сөйлегенімізге көршілерінен, автобустағы халықтан ыңғайсызданып, бізге орысша үйретіп әуреленетін.
Аллаға шүкір! Ол кезге қарағанда қазір ана тілімізге деген құрмет бар", - дейді өнер иесі.
Әншінің пікірінше, әлі де күллі қазақтың ана тілінде сөйлемеуіне "халықтың өзі емес, үкімет кінәлі".
"Өзімізді дәлелдедік": Олимпиадада жүлделі орын алған таэквондошылар Қазақстанға оралды
Спортшыларымыз жай келмей, жүлделі орындармен оралды
Қазақстандық әйел жалға алушыны пәтерінен шығара алмай, сотқа берген: Алайда сот қараудан бас тартты
Пәтер иесі: "Жалдау шартын бұзылған деп тану және жалға алушыны пәтерден шығаруды міндеттеу талабым "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жүгіну керек" деген негізбен бас тартылды"