Жазғы Азия ойындары: Қазақстандық дзюдошылар екі медаль жеңіп алды
Қазақстандық дзюдошылар Қытайда өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында күміс пен қола медаль иеленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

48 келіде белдескен Әбиба Әбужақынова финалда жапониялық Натсуми Тсунодаға есе жіберді.
Ал 60 келі салмақ дәрежесінде Мағжан Шамшадин қола медаль иегері атанды. Үшінші орынға талас кезінде отандасымыз Тәжікстан спортшысы Мерзода Суфиевті жеңді.
Күрес кезінде Мағжанның қарсыласы екі рет ескерту алды. Нәтижесінде спортшы қарсыласынан айласынан асырып, жеңіске жетті.
Айта кетейік, 52 келіде Ғалия Тынбаева да қола медальға таласады.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған