Жазғы Азия ойындары: Қазақстан ушу мен жүзуден қол медаль жеңді
Қазақстандық спортшылар ХІХ жазғы Азия ойындарында ушу-саньда мен жүзуден екі қола медаль жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындары аясында Ушу-саньда сайысы бойынша Ұлттық құрама мүшесі Аян Тұрсын қола жүлдегер атанды. 52 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында отандасымыз жарыс қожайыны Юэяо Лиге есе жіберді.
Ал Әділбек Мусин 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден оң нәтиже көрсетті. Отандасымыз қашықтықты 51,86 секундта бағындырып, мәреше үшінші жетті. Ал бірінші орынды қытайлық Чангао Вангу, екінші орынды жапониялық Кацухиро Мацумото жеңіп алды.
Қазір Қазақстан қоржынында жалпы есепте 13 медаль бар. Оның 1-і алтын, 2-і күміс, ал 10-ы қола.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар