Жазғы Азия ойындары: Қазақстан медаль саны бойынша нешінші орында тұр
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ Азия ойындарының медальдар кестесінде Қазақстан құрамасының қай орында тұрғаны белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазір құрама еншісінде 31 медаль (3 алтын, 5 күміс, 23 қола) бар. Медальдар кестесінде еліміз 13-орында тұр.
Жалпы кестеде Қытай 241 медаль алып, (130 алтын, 72 күміс, 39 қола) көш бастады. Одан кейінгі орындар Оңтүстік Корея (124 медаль: 30 алтын, 35 күміс, 59 қола), Жапония (111 медаль: 29 алтын, 41 күміс, 41 қола) еншісінде.
Алғашқы ондықтағы құрамалар тізімі келесідей:
- Қытай - 130-72-39 (241);
- Оңтүстік Корея - 30-35-59 (124);
- Жапония – 29-41-41 (111);
- Үндістан – 13-19-19 (51);
- Өзбекстан – 11-12-17 (40);
- Таиланд – 10-6-14 (30);
- Тайвань – 9-10-14 (20);
- Гонконг – 6-15-19 (40);
- Солтүстік – Корея - 5-9-5 (19);
- Индонезия – 4-3-11 (23)...
- Қазақстан – 3-5-23 (31).
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты