Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Коронавирусты қайта жұқтыру қаупі бар" - Цой қазақстандықтарға ескертті

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирустан бұрын жазылып шыққан қазақстандықтар қайта сырқаттануы мүмкін екенін ескертті. Бұл адам ағзасындағы антидененің жойылуына байланысты болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алексей Цой

Министр ғалымдардың әртүрлі пікіріне сүйене отырып, коронавирусты жеңіл көтерген азаматтардың ағзасында антидене 1 ай уақытқа, ал орта немесе ауыр көтергендердің ағзасында 3-5 айға дейін сақталатынын айтты.

"Біздің елде коронавирус жұқтырудың шарықтау шегі осы жылдың маусым-шілде айларына келгені белгілі. Егер біз талдау жасап көрсек, аталған уақыттан 3-5 айдан кейін, яғни қараша-желтоқсан айларында коронавирусты орта немесе ауыр жағдайда көтергендердің ағзасында антиденелер құрып бара жатыр. Сол себепті олардың қайтадан ауруға шалдығу ықтималдығы, қаупі бар", - деді Алексей Цой.

Бұл ретте ол дүниежүзінде коронавирусты қайта жұқтыру жағдайы тіркелгенімен, Қазақстанда мұндай адамның әлі кездеспегенін мәлім етті.


 

Талқылау