Жайық өзенінде қайықтан құлап кеткен 7 жасар баланың денесі табылды
Атырау облысында құтқарушылар кешке жақын Жайық өзенінде қайықтан құлап кеткен баланың денесін тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Облыстың ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 14 тамыз, жексенбі күні Атыраудың жанындағы Қызылбалық ауылында болған.
“Шамамен 21.00-де 2015 жылы туған бала өзен жағасында тұрған қайықтан суға құлаған. Баланы құтқарушылар мен жергілікті тұрғындар іздестірді”, – деді облыс ТЖД баспасөз қызметінде.
Оның денесі дүйсенбіде сағат 14.19-да судан табылды.
Атырау облысының төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды балаларына бас-көз болуға, оларды өзен жағасында қараусыз қалдырмауға шақырады.
ШҚО-да аутизмі бар баланы тауып алған полиция қызметкері марапатталды
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі