Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да аутизмі бар баланы тауып алған полиция қызметкері марапатталды

Шығыс Қазақстан облысында жоғалып кеткен баланы полиция лейтенанты Тілек Ерлібеков тауып алған болатын. Баланы қазір дәрігерлер тексеріп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ШҚО Полиция департаменті арнайы бөлімшесінің қызметкері, полиция лейтенанты Тілек Ерлібеков "Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" ведомстволық медалімен марапатталды.

Сонымен қатар, Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов кәмелетке толмаған бала Темірлан Ахмеджановты іздеуге көмектескен полицейлердің еңбегін жоғары бағалап, алғысын білдірді.

“Әр минут санаулы болды, оның нәтижесі қайғылы аяқталуы мүмкін еді, әсіресе түнде төмен темпераура кезінде. Бала табылған шұңқырдың тереңдігі шамамен үш метр болды”, – деді баспасөз қызметінде. 

Қазіргі уақытта баланы дәрігерлер қарап жатыр.

“Тиісті тексерулер жүргізіледі, содан кейін ол ата-анасына тапсырылады”, – деді ШҚО Полиция департаментінде.

Еске салсақ, 14 тамызға қараған түні сағат 02:30 шамасында Тамерлан Ахмеджанов саяжай массивінің аумағында орналасқан үйден кетіп, қайтып оралмады. Баланың анасы түнде оянып, оның жоғалғанын білген. Бала аутизмге шалдыққан әрі сөйлемейді.

Оны іздеуге полиция қызметкерлері, құтқарушылар, кинологтар, ҚР Ұлттық ұланы сарбаздары мен волонтерлер жұмылдырылған болатын.

Талқылау