Жаяу жүргінші терезеден құлаған 11 айлық сәбиді құтқарып қалды
Уфа қаласының тұрғыны көпқабатты үйдің бірінші қабатындағы терезеден құлаған он бір айлық баланы қағып алған. Бұның алдында үлкен әпкесі дәл сол жерден құлап түскен, дәрігерлер оны ауруханаға жеткізуге мәжбүр болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ға сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, оқиға 29 тамыз күні Пекинская көшесі, 35 мекенжайында болған. Кездейсоқ өтіп бара жатқан адам үш жасар қыздың бірінші қабаттың терезесінен құлап кеткенін және тағы бір баланың құлап кеткелі тұрғанын көреді.
"Ол 11 айға енді ғана толған баланы ғажайып түрде құтқарып қала алды", – делінген хабарламада.
Осыдан кейін Уфа тұрғыны жедел жәрдем шақырып, балаларды жәрдем беру қызметкерлеріне тапсырады. Қыз ауруханаға жатқызылды, ал інісіне медициналық көмек қажет емес. Анықталғандай, оқиға кезінде балалардың анасы үйде болған.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда екенін мәлімдеді департаменттегілер.
"Тексермесе, төлемей отыра береді": Алматы тұрғындары жолақысын төлемейтін жолаушылар көбейгеніне шағымданды
Бұл мәселе желіде қызу талқыланып жатыр
Баланы ерте жастан мектепке беру оның болашағына инвестиция ма, әлде балалықты ұрлау ма?
Психолог ең алдымен баланың физикалық дайындығын ескеру қажет екенін жеткізді