"Жауын-шашынсыз жел күшейеді": Синоптиктер еліміз бойынша алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жасады
Синоптиктер еліміз бойынша 17-19 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады. Алдағы күндері әлі де жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Қазгидрометтің мәліметінше, алдағы күндері кең ауқымды антициклон Қазақстан территориясының көп бөлігін қамтиды. Сол себептен көп аумақта әлі де жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Тек еліміздің оңтүстік жартысына циклон мен атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етеді. Соған байланысты жаңбыр жауып, найзағай болады. Республика бойынша жел күшейеді. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында және шығысында тұман болмақ. 17-19 қыркүйекте 2-5 градусқа дейін үсік болады.
Күндіз ауа температурасы:
- республиканың батысында +20+28°С;
- солтүстік-батыста +12+23°С;
- шығыста +5+20°С;
- оңтүстікте +20+30°С;
- елдің солтүстігінде және орталығында +10+20°С;
- оңтүстік-батыста +17 + 28°С.
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"