Жауын мен бұршақ жауып, аяз күтіледі: Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады
Қазгидромет еліміз бойынша бойынша алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жасады. Синоптиктердің болжамынша Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, екпінді жел соғады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына фронтальды учаскелер әсер етеді. Соның салдарынан еліміздің бірнеше аймақтарында найзағай ойнап, екпінді жел соғады.
Қазақстанның батысында бұршақ жаууы мүмкін. Ал республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда түнде жауын мен бұршақ жаууы мүмкін. Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Республиканың басым бөлігінде ауа температурасы түнде 2-12 градус жылы болады.
7 қазанда солтүстікте кей аудандарда плюс 1 градусқа дейін ауа температурасы төмендеп, аяз күтіледі. Күндіз солтүстік жартысында 10-20 градус, оңтүстік жартысында 15-27 градус жылы болады.
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"