"Жауапқа тартылады": Нұр-Сұлтанда тегін гүл таратқан дүкен иесінің басы бәлеге қалды
Нұр-Сұлтанда 1 қыркүйек күніне орай тегін гүл таратқан дүкен иесі жауапкершілікке тартылмақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Нұр-Сұлтан полиция департаменті 31 тамызда сағат 17:23-те "Байқоңыр" ауданындағы полиция басқармасының учаскелік инспекторына астана тұрғынынан Сейфуллин көшесіндегі гүл дүкенінің жанында 100-ге жуық адам жиналғаны туралы хабарлама түскенін хабарлады.
"Дүкен иесі Instagram арқылы "1 қыркүйекке орай 300 гүл шоғы тегін" акциясын жариялағаны анықталды. Ол бұл шара адамдардың бір жерге көптеп шоғырлануына себеп болатынын есепке алмаған", – деді полиция.
Азаматты жауапкершілікке тарту үшін жинақталған материал санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданған.
Алматылықтар аптап ыстықта жылудың өшірілмей жатқанына шағымданды: Әкімдік себебін түсіндірді
Алматылық Ерғали Жақсылықов жергілікті билікке шағымданды
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі