Жастық пен өмірді ұзарту жолдары белгілі болды
Геронтолог, Ресей ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, профессор Владимир Хавинсон жастық пен өмірді ұзарту жолдарын атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, ұзақ өмір сүрудің кепілі - дұрыс тамақтану. Өзін үнемі жас сезінгісі келетін адам рационының калориясын шектеп, оған жемістер мен көкөністерді қосуы тиіс.
Ғалым дұрыс тамақтану белсенді өмір салтымен толықтырылуы керек екенін атап өтті. Ол физикалық белсенділік жастық пенн денсаулықты сақтаудың маңызды шарты екенін атап өтті.
Сондай-ақ, Хавинсон ұзақ өмір сүруге ұмтылатындарды никотиннен толығымен бас тартуға шақырды. Ішімдікті де көп ішпеу керек.
"Күшті алкогольді жүйелі түрде ішу ерте қартаюға әкеледі. Алкоголь бауыр, ми және жүрек жасушаларын улайды", - деп түсіндірді ғалым.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"