Жасөспірім Ресейдегі мектепті жарып жібермек болды
Красноярск өлкесінде мектеп жарылып кетуге аз-ақ қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жергілікті баспасөз қызметі хабарлағандай, Минусин ауданының 15 жастағы тұрғыны ұсталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол көктемде террорлық шабуыл жасауды ойлап, жарылғыш құрылғыларды жасау жөніндегі нұсқаулықты зерттеген екен. Қажетті компоненттерді тауып, иесіз үйде төрт бомбаны сақтап келіпті. Ойлағанын іске асыруға кұш көрсетушілер кедергі болған.
"Жауап алу барысында жасөспірім өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінді", - делінген хабарламада.
Лаңкестік әрекетке дайындық, лаңкестік әрекетті жүзеге асыру мақсатында оқу, сондай-ақ жарылғыш құрылғыларды заңсыз дайындау, сақтау және тасымалдау туралы қылмыстық іс қозғалды. Жақын арада бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешіледі.
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген