Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде ауру баланың отасына 790 мың теңге жиналды: оны жасөспірім хакер ұрлап алды

WhatsApp арқылы қауіпті бағдарламалардың көмегімен жасөспірім ауру баланың есебінен ақша аударып алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сурет: pixabay.com

Ол туралы Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Осы жылдың наурыз айында Ақтөбе тұрғынынан жазбаша арыз түскен. Онда белгісіз біреу операция үшін деп адамдардан жиналған 790 мың теңгені «Каспий банк» АҚ есебінен иемденіп алған.

"ҚР ҚК "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жәбірленуші бала кішкентайынан мүгедек болған, оның емі үшін Санкт-Петербург қаласындағы ауруханада ота жасату үшін әлеуметтік желі арқылы қала тұрғындарынан көмек сұраған. Ақша аудару үшін әйел адам жеке есеп және банк картасының нөмірін көрсеткен. Криминалды полиция қызметкерлеріның ұйымдастырған жедел әрекетінен соң желтоқсанның басында күдікті ұсталған", - деп хабарлайды полиция департаменті. 

Күдікті келтірген материалды шығынды жәбірленушіге қайтарған. Белгілі болғандай, ол қауіпті компьютерлік бағдарламаларды қолдана отырып, WhatsApp арқылы жәбірленушінің телефонына электронды сілтеме жіберіп отырған. Кейін «Каспий КЗ»-гі жеке кабинеттің құпия сөзін біліп, «Steam» ойын аккаунтына ақшаны аударып, электронды ақша сатып алады. Күдікті дәл осындай жолмен Қарағанды қаласының тұрғынынан да ақша жымқырған. 

Аталған іс бойынша Ақтөбе облысы полиция департаментінде тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

 

 

Талқылау