Жасқа толмаған сәбиін терезеден лақтырмақ болған петропавлдық тұрғынға сот үкімі шықты
Отбасылық жанжал кезінде жаңа туған сәбиін терезеден лақтырмақ болған петропавлдық тұрғынға қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сотта 20 қыркүйекте сағат 17.00 шамасында мас күйінде болғаны ер адам бесінші қабаттағы пәтерінен жаңа туған нәрестені лақтыратынын айтып қорқытқаны анықталды. Оған ер адамның әйелмен арадағы жанжал себеп болған. Оқиға орнына полиция, құтқарушылар жетіп оқиғаның алдын алды.
Прокурор сотталушыға 120 сағат қоғамдық жұмысқа жегу түрінде жаза сұрады.
Сотталушы өз кінәсін мойындап, істеген ісіне өкініш білдірді.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды