Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жасамағаным көп": Айгүл Иманбаеваның жазбасы көпшілікті ойландырды

ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, әнші Айгүл Иманбаева желіде жазба жариялап, өткен жылға өкпе жоқ екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/aigul_imanbayeva/

Өнер иесі өкінішсіз өмір жоқ екенін еске салды. 

“Жылдың аяқталуына санаулы күндер ғана қалды. Әдеттегідей жылды қорытындылайтын уақыт. Жасалған нәрсе көп, жасамағаным одан да көп. Бәріне алғысым шексіз жаратқанға. "М,ен кіммін?" "Қайда барам?", "Менің ең соңғы аялдамам қандай?" деген сұрақтарды өзіме жиі қоямын. Не алдым? Не беремін? Әрине бұл жолда тек бір жаратушымнан қуат, денсаулық сұрап, тек даму жолында болу керегін түсінесің", – деп жазды актриса. 



Еске салайық, эстрада жұлдызы өткен жылы тұрмысқа шығып, осы жылы үйлену тойын жоспарлап отырғанын айтқан еді. 

“Жеке өмірімде де жаңалықтардан хабардарсыздар. Ұлым үйленіп, немерелі болдым. Баламның алғашқы тырнақалды туындысы “Көке” фильмін түсірдік. Жеке өмірімде арқа сүйейтін азаматымды жолықтырып, отбасын құрдым. Үйлену тойымыздың күні әлі белгіленген жоқ. Лос-Анджелес қаласында болады. Қазақстаннан баратын достарымның визасына байланысты той күнін белгілейміз. Ал келер жылдан, бөпе күтемін. Соған ниеттеніп жатырмыз”, – деген еді әнші. 

 

Талқылау