Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жас жазушы Аягүл Мантай көз жұмды

Қазақстандық жазушы Аягүл Мантай дүниеден озды. Қаралы хабарды марқұмның әріптесі Сүндет Сейітов растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оның сөзінше, марқұмның жаназасы 30 шілде таңертең болады.

Жас жазушы Facebook әлеуметтік желісіндегі соңғы жазбасында намаз оқығысы келетінін айтып жазба қалдырған болатын.

“Өкініштісі, адамдар өзіне ұқсамаған адамды өлтіруге, жерлеуге асығады... 
Мен ылғи да жүрекке оралуды, Құдайға оралуды армандаппын. Бірақ оралмаппын... 
Өзімнің тап-таза жүрегімді, Құдайды тапқым келеді”, – деген еді ол. 

Аягүл Мантай Түркістан облысы Мақтарал ауданы Байқоныс ауылында дүниеге келген.

Ресей халықтар достығы университетінде оқыды.

2009 жылы "Жалын" баспасынан "Жаңбырлы көктем" атты әңгімелер жинағы жарық көрген. "Жүрекке оралу" кітабының авторы.

"Серпер" жастар сыйлығының лауреаты. 2010 жылы Әдебиет номинациясы бойынша президент стипендиясының иегері атанды.

Талқылау