"Жас қызбен көрдім": Жұлдыз Әбдікәрімова Қайрат Нұртасқа қатысты ойын бөлісті
Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жұбайы Қайрат Нұртасқа қатысты сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial/
Өнер иесі оқырмандарымен сырласып, оларды қызықтырған сұрақтарды жауапсыз қалдырмады.
“Қайратты жас қызбен көргенде, “мынаның әйелі бар емес пе” деп ойлап қаламын”, – деп жазды бір оқырман.
“Мен де кейде солай ойлап қаламын. Оның әйелі кім еді?! Белгілеп кетіңіздерші”, – деп әзілдеді актриса.
-
"Әкеммен ұзақ әңгімелесетін": Жұлдыз Әбдікәрімова марқұм Шөмішбай Сариевті еске алды
-
"Жартылай жалаңаш": Жұлдыз Әбдікәрімованың сән апталығындағы образы сынға қалды
Одан кейін өнер иесі кенже ұлы Ханның туған күнімен құттықтаған көпшілікке алғыс білдірді.
“Хан 10 жаста! Бойы, ойы өсіп, талғамы өзгерген. Бұл – заңдылық. Бірақ кенжемнің үлкен жігіт болып қалғанын көзіммен көрсем де, жүрегімде әлі бөпе. Балапаным, ғибратты ғұмыр кеш. Құттықтап жатқан жандарға мың алғыс”, – деп жазды кинопродюсер.
Еске салайық, Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылып қалған Жұлдыз Әбдікәрімованың ісіне қатысты пікір білдірген еді.