Жас қыз сүйіктісін қайтару үшін жалған үйлену тойын ұйымдастырған
TikTok қолданушысы бұрынғы сүйіктісінің назарын аударып, оны қайтарып алу үшін жалған үйлену тойы мен фотосессия ұйымдастырған. Ол өзінің оқиғасын әлеуметтік желіде бөліскен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жас қыз бұрынғы жігіті қызғанып, қайта оралу үшін жалған үйлену тойының фотосессиясын жасаған.
Өзінің айтуынша, ол үйлену тойының фотоларын түсіру үшін арнайы фотограф жалдап, әлеуметтік желілерде "күйеу жігіттің" суреттерін орналастырған. Мақсаты – бұрынғы жігітінің қызғанып, оған хабарласуы еді. Алайда ол жоспар сәтсіз аяқталғанын мойындады. Ер адам Instagram-да сторисін көріп, бірақ ешқандай әрекет жасамаған.
Ролик бір жарым миллионға жуық көрілім мен пікірлер жинаған. Бір қолданушы дәл солай істегенін және жігітінің қайтып келгенін жазып, пікір қалдырыпты. Тағы бір оқырман: "Тойдың емес, ұсыныс жасағаны туралы фото салу керек еді”, – деп пікір білдіріпті.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен