Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жас айырмашылығымыз – 14 жас": Толқын Забирова күйеуін көпшілікке көрсетпеу себебін түсіндірді

Танымал әнші Толқын Забирова күйеуі екеуінің қарым-қатынасын “Мамский әңгіме” подкастында бүкпесіз баяндап берді. 

Фото: https://www.instagram.com/tolkynzabirova/

Өнер иесінің жолдасы Сафар Бабаев та – шоу-бизнес өкілдерімен тығыз жұмыс істеген талантты тұлға. 

“Жолдасым өзін ешжерде көрсеткісі келмейді. Бірнеше жыл бұрын өнерде жүрген ерлі-зайыптылардан бағдарлама жасап, мені шақырды. Сафар ондайларға мүлдем қатыспайды. Осы уақытқа дейін сондай. Арасында бір жерде демалып желіге салсам, ұрсады. "Неге шығарасың" деп ренжиді. Бірақ медиа бағытында жұмыс істеген адамның бірі, қазақтың шоу-бизнесін көтерген деп айтар едім", – деп жауап берді әнші. 



Сондай-ақ эстрада жұлдызы алғаш рет жарымен жас айырмашылығын да жария етті. Тіпті, алғаш танысқан сәтін де есіне алды. 

“Ол менің бағыма келген азамат деп ойлаймын. Өйткені әр нәрсенің өз жолы болады. Ол кезде "Тамаша" деген бағдарламаның айқайлап тұрған кезі еді. Мен 24 жастамын. Сол уақытта "Тамаша" бір гастрольге бармақ болады. Оны менің жолдасым ұйымдастырады. Әртістер бар, әншілер жоқ. Сомен әншілерді іздеп жүріп, маған тап болады. Досы оған Бақыт Шадаева мен менің нөмірімді берген. Бақытқа хабарласса, ол біреумен сөйлесіп жатыр екен. Ал менің телефоным бос болды. Мен тұрған үйде кешкі сағат оннан кейін ешкім ешкіммен телефон арқылы сөйлеспейді. Ал Сафар маған түнгі 11:30-да қоңырау шалды. Ол хабарласқанда қатты таңғалдым. Өйткені ол әртістер үшін аңызға айналған адам болды. Аты шыққан жұлдыздармен жұмыс істеді. Оны сырттан жақсы танитынмын. Оның ұсынысын қуана қабылдадым. Ол кезде қарыздарым бар еді. Өнер көрсетсем гонорар түсіп, қарыздарымнан құтыламын деп ойладым. Ертесіне таңғы жетіде алып кетті. Сол сапарда маған көзі түсіпті. Екеумізге ұшаққа билет жетпей қалды. Мені мейрамханаға шақырды. Мен қатты ұялып қалдым. Мен оны үлкен кісідей көрдім. Арамыз 14 жас болды", – деп ағынан жарылды әнші. 

Еске салайық, әнші жол апатынан қалай аман қалғанын айтып берген еді. 

Талқылау