Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жарқынайдың жан құрбысы": Айдар Асқарбекпен қол ұстасқан блогер ару желіні шулатты

Танымал отандық киножұлдыз, актер Айдар Асқарбек блогер Сабина Мовлаевамен қол ұстасып жүр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.tiktok.com/@sss.sabinaa

Видеоны блогер ару TikTok желісіндегі жеке парақшасына жүктеді. Бүгінде бейнежазбаны 3 миллионға жуық оқырман көрген. Бірі жарасымды жұп десе, енді бірі үнемі жігіттердің жанынан табылатын бойжеткенді сөгіп жатыр. 

“Сабина – Айдардың бұрынғы әйелі Жарқынайдың жан құрбысы”, “Осы-ақ жігіттермен жабысып жүреді екен”, "Екеуі жарасып-ақ тұр. Әркім бақытты болуға лайық", "Мүлдем жараспайды. Айдар, әйелің мен қызың мынаны көріп ренжіген шығар", "Жарқынай мың есе көрікті", "Сабина “Бір болайыққа” қатысып, танымал болып кетті”, деп жазып жатыр оқырман қауым. 



Айта кетейік, актер танымал тележүргізуші Анара Батырханға сезімін білдірген еді. 

“Мен саған ғашық болып қалдым. Не болды? Күтпедің бе? Әлде бұл сөздердің басқа мағынасы бар ме еді?”, – деп айтты актер. 

Әріптесінің тосыннан білдірген сезіміне Анара таңданып қалды. 

“1400 адамның алдында айтпайтын шығарсың. Біз дос едік қой. Мына сөзіңді жеке отырғанда да айтсаң болады ғой”, – деп ренжіген еді актриса. 

Еске салайық, Айдар Асқарбектің бірінші некесінен Айлана есімді қызы бар. 

@sss.sabinaa

Предпоказ фильма “Сакура”🔥

♬ оригинальный звук - Zat
Талқылау