Жамбыл облысындағы жарылыстан кейін төтенше жағдай жарияланды
Жамбыл облысының әкімдігі 26 тамызда жарылыс болған Байзақ ауданында төтенше жағдай жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Жамбыл облысы Байзақ ауданы аумағында жергілікті масштабтағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын", – делінген "Әділет" ҰАҚ сайтында жарияланған құжат мәтінінде.
Жамбыл облысы әкімі тиісті шешімге 28 тамызда қол қойды.
Естеріңізге сала кетейік, 26 тамызда әскери бөлімнің қоймалары аумағында жарылыс болған.
Тоқаев жарылыстардан кейін Қорғаныс министрлігі басшысының отставкасын қабылдады. Төтенше жағдай салдарынан 15 адам қаза тапты, 100-ге жуық адам жарақат алды.
"Жұмыстан шығаруға негіз емес": Астанада туристің видеосына түскен полицейлердің жұмыстан шығуы заңды ма
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды