Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жәрдемақы мен зейнетақы туралы таралған хабарламалар өтірік болып шықты

ҚР-ның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мессенджерлерде тараған зейнет жасының төмендеуі мен әрбір балаға төленетін әлеуметтік көмек жайлы ақпараттың өтірік екендігін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

акша

Министрлік қызметкерлерінің хабарлауынша, 2020 жылдың қаңтарынан бастап әйелдер мен ерлердің зейнет жасының төмендеуі мен отбасыдағы әрбір бала үшін төленетін жәрдемақы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. 

Қазіргі таңда Парламентте 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап үйінде жасы 23-ке толмаған төрт баладан көп отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету туралы заң талқылануда екен. Бұл көмек отбасының кіріс мөлшеріне қарай төленеді. Яғни, төрт баласы барларға 42 496 теңге, 5 балалыларға 53 127 теңге, 6 балалыларға 63 757 теңге, жеті не одан да көп баласы бар отбасыларға 74 388 теңге көлемінде жәрдемақы тағайындалады.

Аталған жәрдемақыны қажетті құжаттар жинастырып, өткізілген күннен бастап төлеу қарастырылған. Құжаттың қаралауына ұзақ уақыт кетпейді екен, отбасыларға тек төртен көп баласы бар екендігін дәлелдейтін қағазды тіркесе болғаны. 

2018 жылға дейін көпбалалы отбасы ретінде тіркелген ата-аналарға әлеуметтік көмекті алу үшін қайта құжат жинастырудың қажеті жоқ көрінеді. Десек те егер ол уақыттан кейін олардың отбасындағы бала саны өссе, олар келесі санаттағы жәрдемақыға рұқсат ала алады екен. 

Талқылау