Жаратушымыз рұқсат берген: Төреғали тоқал алуға қатысты пікір білдірді (видео)
Төреғали Төреәлі тоқал алуға қатысты пікір білдірді. Әнші Құран Кәрімде рұқсат беріліп отырғандықтан, оған қатысты алып-қосары жоқ екенін айтты.

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі 7-арнаға сілтеме жасап хабарлайды.
“Тоқал алуға қалай қарасаң да, Жаратушымыз “алсаңдар рұқсаты болады” десе, оған адамдардың дауы бар ма? Менің пікірім өте әлсіз, ештеңе алып-қоса алмаймын. Көрермендердің бәріне белгілі жағдай ғой. Шамасы барлар алсын, тигісі келгендер тисін”, – деді Төреғали.
Бүгінде Төреғали жары Толқынмен бірге үш қыз тәрбиелеп отыр. Өнер иесі болашақта тоқал алуы мүмкін екенін жасырмайды. Десе де, жұбайының пікіріне зер салатынын өз сөзінде білдірді.
“Алла қаласа. Алланың бұйрығымен ғой, Алла қаласа, қыс болады, Алла қаласа жаз болады. Негізі бәйбішелер рұқсат берсе”, – деп күлді ол.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған
Қаскелеңде автобус қағып кеткен студенттің ісі жабылып қалған: Анасы қызының ауыр жарақат алғанын айтады
СДУ алдында автобус қызды қағып кеткен, алайда полиция істі көп ұзамай жауып тастаған