Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде Алматы әуежайын басып алғандар табылды
Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы халықаралық әуежайын басып алып, қиратқандар анықталды. Бұл туралы ІІМ тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Айтуынша, Алматыда жаппай тәртіпсіздіктер кезінде бір топ күдікті жеңіл көлікпен "Оружейник" қару-жарақ дүкеніне келіп, есігін сындырған. Сөйтіп 15 тегіс ұңғылы қару мен оптикалық көздегіші бар төрт иір ойықты карабин ұрлаған.
Қару-жарақты Алматы қаласы мен Алматы облысында арнайы жабдықталған қоймаларға жасырған. Артынан оларды сатып жіберуді жоспарлаған.
"Бұған қоса, тергеу барысында жоғарыда айтылған адамдардың Алматы халықаралық әуежайын басып алуға және қиратуға қатысқаны анықталды", – деді Әділов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Танымал продюсер еңбек өтілін дәлелдей алмағандықтан зейнетке шыға алмай жүр
Оның айтуынша, азаматтарды бір мекемеден екіншісіне жіберіп, дөрекі сөйлейтін жағдайлар жиі кездескен
"3 ай бұрын шай төктің, ақысын төле деді": Ақтауда бойжеткенді кафеде ұрып-соғып, сүйреп шығарып жіберген (видео)
Жансая: "Диванды жудырған ақы 14 мың теңгені төле, деп телефонымды тартып алды"