Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алакөлде құтқару кеудешесін кимей қайыққа мінген демалушылар суға кете жаздады

қайық демалушылар
Фото: Видеодан скрин

Алакөлде, Ақши ауылы маңында демалушылар мінген қайық аударылып кете жаздады. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбаға қарағанда, оқиғаға қайыққа көп адамның отыруы себеп болуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Алакөл және ондағы қызмет көрсету. Адамдар суға батып кете жаздады. Бұған не себеп болды екен? Қайыққа шамадан тыс адам мінгізген бе?", – делінген видео сипаттамасында.

Бейнежазбадан қайықтың ішіне су кіріп, ол бірде бір жағына, біресе екінші жағына қисайғанын көруге болады. Сондай-ақ қайықтағы адамдардың, оның ішінде балалардың да құтқару кеудешесін кимегені байқауға болады.

“Қауіпсіздің шаралары сақталмаған. Ақшадан өлді ме?”, “Адамдар қорқып, көмекке шақырды, басқалары қарап, видеоға түсіріп тұрды”, “Құтқару кеудесеші қайда?”, – деп жазды желідегілер.

Бұл видео Жетісу облысы төтенше жағдай департаментінің назарына ілікті. 

“Шағын көлемді кемелерді пайдалану ережелерінің бұзылғаны тіркелді. Қазір департамент шағын көлемді кеменің иесін анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізуде. Кінәлілерді әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылып жатыр”, – деплінген хабарламада.

Оқиға жағалауға жақын жерде болғандықтан қайғылы жағдайдың алдын алды.

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 03 Тамыз, 2026 08:51