АҚШ-та ең көп іздеуде болған қылмыскер қамауға алынды

Мексика құқық қорғау органдары Лос-Рейес картелінің жетекшісі, Пончо деген атпен танымал Альфонсо Фернандес Магальонды тұтқындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мұны Мексиканың қауіпсіздік министрі Омар Гарсия Арфуш әлеуметтік желідегі X платформасында жазды.
"Мексиканың құрлықтағы күштерінің операциясы нәтижесінде Лос-Рейес картелінің жетекшісі Альфонсо "Н" ұсталды", – делінген мәлімдемеде.
Бұған дейін АҚШ билігі мексикалықты тұтқындауға көмектескен ақпарат үшін бес миллион долларға дейін сыйақы жариялады.
Roya News хабарлауынша, Магальон АҚШ-тағы ең көп ізделіп жатқан қашқындардың бірі. Ол адам ұрлау, есірткі өндіру және есірткі саудасымен айналысты деп айыпталып жатыр. Кейбір мәліметтерге сәйкес, ол 2025 және 2026 жылдары Мексика әскери күштеріне дрон шабуылдарына да қатысты.
Көшбасшысының тұтқындалуына жауап ретінде Лос-Рейес мүшелері Мичоакан штатындағы бірнеше жолды жауып, баррикадалар орнатып, ондаған көлікті өртеп жіберді. Заңдылық пен тәртіп толық қалпына келтірілгенге дейін аймақта әскери күштер күшейтілді.
Milenio газетінің хабарлауынша, Los Reyes картелі мексикалық "Carteles Unidos" тобының құрамына кіреді, ол "La Resistencia" деген атпен де белгілі.
Блогер Бота Мианың Қазақстан туын ат үстіне жабуы заң бұзу болып есептеле ме, ол үшін қандай жазаға тартылуы мүмкін
Оқыңыз