Ер адам никнеймі үшін жазықсыз түрмеге түскен

Канаданың Жаңа Шотландия провинциясында сот 30 жастағы Брэндон Клэймиді толық ақтады. Ол өзі жасамаған қылмыс үшін түрмеде жазасын өтеп шыққан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі People басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Клэйми 2020 жылдың ақпанында педофилия айыбымен ұсталған. Тергеу нұсқасы бойынша, ол 2018 жылдың тамызы мен желтоқсаны аралығында Kik мессенджері арқылы 12 жастағы қызбен хат алмасып, одан интимдік суреттер алған және жыныстық әрекеттерге итермелеген.
Сот оны кінәлі деп танып, 2024 жылдың қаңтарында 1,5 жылға бас бостандығынан айырған. Ер адам жазасын толық өтеп шыққан.
Кейін анықталғандай, полиция күдіктінің аккаунтын қателесіп анықтаған. Нағыз қылмыскер fus__ro_dah (fus пен ro арасында екі төменгі сызық) никнеймін пайдаланса, Клэймидің никнеймі fus_ro_dah (бір төменгі сызық) болған. Тергеу барысында да, сот кезінде де бұл айырмашылыққа ешкім назар аудармаған.
Адвокатының айтуынша, осы оқиғадан кейін Клэйми әділ сот жүйесіне деген сенімін жоғалтқан. Қазір ол мемлекеттен өтемақы талап етуге дайындалып жатыр.
Ал шын күдікті АҚШ-тың Калифорния штатында жүргені анықталған. Оған іздеу жарияланған.
Блогер Бота Мианың Қазақстан туын ат үстіне жабуы заң бұзу болып есептеле ме, ол үшін қандай жазаға тартылуы мүмкін