AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда БАҚ-та жануарларға жасалатын қатыгездікті насихаттауға тыйым салынады

Мәжіліс "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заң жобасы бойынша түзетулерді қабылдады. Бұл туралы депутат, мәжілістің Экология және табиғатты пайдалану мәселелері комитетінің төрағасы Александр Милютин баяндап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Заң жобасы барлық бұқаралық ақпарат құралдарында жануарларға жасалатын кез келген қатыгездікті насихаттауға тыйым салады", – деді Милютин парламент отырысында. 

Заң жобасының негізгі міндеттері – жануарларға қарау кезіндегі жалпы және арнайы талаптарды белгілеу, оларды азаптап бағу және қатыгездікпен өлтіруден қорғау, қоғамда адамгершілікті нығайту, қаңғыбас жануарлардың санын реттеу саласындағы ақпараттың ашықтығының болуы. 

“Комитет аталған заң жобасын қабылдауға және ол бойынша қорытынды әзірлеуге дайын", – деді депутат.

Заң жобасына енгізілген түзетулер, оның айтуынша, қылмыстық кодекстің 316-бабы "Жануарларға қатыгездікпен қарау" бойынша жануарларға қатыгездік көрсеткені үшін жазаны қатаңдатуды көздейді. Егер заң жобасы қабылданса, қылмыс орташа ауырлықтағы қылмыстар санатына ауыстырылады. Қазақстанда олар үшін бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. 

Бұдан басқа, "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Ветеринария туралы", "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" заңдарда жануарларды жансыздандыру мәселелерін реттеу бойынша әкімдік мәслихаттарының құзыретін кеңейту, аулауға және өлтіруге болатын жануарлардың тізбесін, сондай-ақ бақылау-қадағалау функциялары мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіру көзделеді. 

Комитет осы заң жобасын жұмысқа қабылдауға және ол бойынша қорытынды әзірлеуге дайын.

"Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Жануарларға қарау саласындағы жауапкершілікті, оларды қорғауды, Жануарларға қарау кезінде азаматтардың құқықтары мен өзге де заңды мүдделерін белгілеу, сондай-ақ адамгершілікті нығайту және қоғамның адамшылық қағидаттарын сақтау мақсатында әзірленді. Заң жобасы жануарларға қатыгездік жасағаны және жануарларға қатысты заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізуге бағытталған", – деді Милютин.

Сондай-ақ ауылшаруашылығы жануарларын белгілі аумаққа жаю ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік белгілеу, ішкі істер органдарының, орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның және жергілікті атқарушы органдардың тиісті құзыреттерін беру. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр