Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жансая Әбдімәлік: Қыздарға тырнақ бояуы қызық, ал маған ол ұсақ дүние болып көрінеді

Қазақстан халқы Жансая Әбдімәлікті кішкентай кезінен біледі. Алайда ел танитын Жансаяның бойжетіп қалғанын аңғармай қалғандар баршылық. Жуырда ғана бесінші рет әлем чемпионы атанған Жансая жақында 18-ге толады.

Бұл туралы НТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

“18-ге толатыныма өзім де әлі сенбей жүрмін. Сұмдық. Алғаш рет шахматқа келген күнім есімде, ал енді кәмілеттік жасқа толамын. Шынымды айтсам, бұл жайтты қалай қабылдарымды да білмеймін”, – дейді Жансая.

Есте болса, жуырда ғана Жансая 20 жасқа дейінгі шахматшылар арасында әлем чемпионы атанды. Алайда бесінші жеңіс Әбдімәлікке алғашқыдай қуаныш сыйламаған.

“Қатты қуанатын шығармын деп ойладым. Білмеймін, жеңдім ғой, жарадым”, – дейді ол.

Қатарластары ойын-сауықты ойлағанда, Жансаяның бар уақыты шахматқа арналатын. Әкесі Данияр Әшіровтың айтуынша, өзге қыздар қызығатын дүниеге Жансая әуес болмаған.

“Қыздарға тырнаққа жағатын бояу, шашқа тағатын қыстырғыш деген сынды нәрселер қызық еді. Мен оны түсіне алмайтынмын. Маған ол ұсақ әрі қызықсыз нәрсе болып көрінетін”, – дейді Жансая.

Жансаяның айтуынша, дайындық кезінде ол 8 сағат бойы шахмат тақтасында отырады. Компьютер арқылы жаңа тәсілдер іздейді. Уақытымен демалып тұрғанды да біледі.

“Қарапайым демалысты ұнатамын. Атаммен бірге балық аулауға, тауға қонуға барғанды ұнатамын. Жалпы үйге жақын адаммын. Шулы жерге барып билеу – менің ісім емес”, – дейді Әбдімәлік.

Жансаяның музыкаға деген әуестігі де ерекше.

“Меломанмын, әртүрлі әндер тыңдаймын. Бірақ Виктор Цойдан шаршамаймын, оны үзбей тыңдай аламын”, – дейді Жансая.

Бойжетіп қалған Жансая жігітке де қарай қоймайды. Оның пайымынша, 17-18 жастағы қарым-қатынас ұзаққа бармайды. Ал оның қазіргі мақсаты – әйелдер арасында әлем чемпионы болу. Сондай-ақ, Жансая болашақта танымал шахматшы ерлермен бақталасып көрмек ниетте.

Жіберіп алмаңыз:

Майк Тайсон: Анам маскүнем, әкем сутенер болды

Сәпиевтен эстафета қабылдаған Левит уәде бойынша балалар үйіне барды

Түрік жігіті матч кезінде Мария Шараповаға үйлену туралы ұсыныс жасады (видео)

Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Талқылау