AAPL
142.94 $
-2.14 %
TSLA
730.17 $
-3.86 %
NDAQ
190.98 $
-1 %
GOOGL
2774.39 $
-1.48 %
FB
355.7 $
-2.47 %
FRHC
60.16 $
-2.23 %
AAPL
142.94 $
-2.14 %
TSLA
730.17 $
-3.86 %
NDAQ
190.98 $
-1 %
GOOGL
2774.39 $
-1.48 %
FB
355.7 $
-2.47 %
FRHC
60.16 $
-2.23 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жәния Джуринская: Байқоңырдағы орыс мектептерінде тек қана Ресей туралы айтылатыны жыныма тиеді

Жәния Джуринская Байқоңыр қаласында оқушылардың Ресей білім беру бағдарламасымен оқитынына ашуланды. Актриса соңғы 20 жылдықтың ішінде туған жерінде ешқандай өзгеріс болмағанын айтып күйінді, деп хабарлайды Stan.kz.

Қазіргі уақытта актриса өзінің туған жері Байқоңыр қаласында.

"Осында тудым, мектеп бітірдім. Жылына 1-2 рет туыстарыма келіп тұрамын. Не жыныма тиеді, білесіздер ме? Мұнда ештеңе өзгермейді! Дамымайды! 

Иә, бір жерде саябақ соққан. Ал қалғаны менің балалық шағымдағыдай. 
Есік алдында бірде бір әткеншек болмаған, қазір де жоқ", – дейді Жәния.

Джуринскаяның айтуынша, орыс мектептерінде тек қана көршілес Ресей елі туралы айтылады. Тіпті мектепке кіре беріс жерде көрші елдің гимні тұрған көрінеді. Қазақша білмеуінің басты себебі осы екенін де айтты. 

"Орысша мектептерде, оның ішінде мен оқыған мектепте тек қана ресейлік бағдарламамен оқытатыны жыныма тиеді. Мектепке кіре беріс жерде Ресей гимнінің мәтіні ілулі тұратын (неге 2 гимнді ілмеске?) Барлығы тек Ресей жайында. Қазақша жаза да, оқи да алмауымның себебі біздің мектепте мүлдем болмауында!

(Өзім ойнаған сериалдардың арқасында қазақшам кішкене жақсарды, буындап оқуды үйрендім).

Алматыға университетке түскен кезде: "Жеткен жерің осы", – дедім өзіме. 

Орыс мектептеріне қазақстандық бағдарламаны енгізу қарастырылып жатыр деп естідім. 

Бұл қалада бірдеңе істеуді бастауға бола ма? Елдің бәрі көшіп кетпей тұрғанда, тым болмағанда бірнәрсе істеңіздерші. 

Жақындарымның арқасында ауызекі қазақша тілде сөйлеймін. Космодромда екі билік, орыс мектептерінде де балалар туған жері мен тілі туралы білсін дегім келеді. 

Қазақша мектептерде орыс тілі аптасына бір рет болады, ал орыс мектебінде оқитындар неге репетитор жалдауы керек?", – деп назданды ол.


Қазақстанда тілдер күні мерекесін қашан және не үшін тойлайды

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр